Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынов

Байтұрсынов Ахмет (1873-1938) — ұлы ағартушы, көрнекті ғалым, ақын, публицист. Ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Түрмеге қамалып, жер аударылған. Қазақ тілінің теориясын жасап, жетілдірген, жаңа оқу жүйесінің негізін қалаған ірі реформатор. «Қазақ» газетін шығарған. Алғашқы өлең жинағы («Маса») 1911 жылы Орынборда жарық көрген. Одан екі жыл бұрын Санкт-Петербургта И.А. Крылов мысалдарының аудармасын («Қырық мысал») басып шығарған болатын. Б. поэзиясында автордың саяси-әлеуметтік көзқарасы жарқын көрініс тапқан. Сөздің ең ұлысы - тарих! Асыл сөз туралы Көсем сөз - әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз. Асыл сөз туралы Көркем сөз - көңіл тілі, жалаң сөз - зейін тілі. Асыл сөз туралы Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. Асыл сөз туралы Сөздің асыл болуы - ұнауынан. Асыл сөз туралы Сөз қадірін білмесең - өлең оқып не керек. Ғылым-білім, өнер туралы Білімнің бас құралы - кітап. Ғылым-білім, өнер туралы Ғылым мен өнер көбейген сайын - бейнет кемиді. Ғылым-білім, өнер туралы Оқусыз халық қанша бай болса да - біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді. Ғылым-білім, өнер туралы Күнелту үшін - ас керек, ас істеуге - күш керек, күшті жұмсауға ес керек. Еңбек туралы Жұрт жұмысын істеу - біздің қазақ балаларының әдетінде жоқ: ойынымыз - көп, әрекетіміз - аз. Еңбек туралы Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билерзаман. Қоғам, мемлекет, заман туралы Дүниедегі нәрселердің бәрі қысылады, мұздайды, қатады - түсі қашып, өлік сияқты жатады. Күн жазыла бастағанда - жаз болады: бәріжадырайды - жазылады, көгереді, көркейеді. Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман. Қоғам, мемлекет, заман туралы Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе - ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы. Қоғам, мемлекет, заман туралы Қазақ жерінің тұтқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы - қазақ екіншісі - орыста. Қоғам, мемлекет, заман туралы Қазақ жері қазақтан кетпес еді - қазақ жері қазақтан кетпесіне іс  қылсақ. Қоғам, мемлекет, заман туралы Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны - жер қазыналықболғандықтан: әйтпесе, бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытқанқазақ бүгін - жерін сатып тойып, ертең - тентіреп кетер еді. Қоғам, мемлекет, заман туралы Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңці адаспай түзу істендер!Сендер адассаңдар - арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің бал-сауабына сіздер қаласыздар. Қоғам, мемлекет, заман туралы Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы!  Қоғам, мемлекет, заман туралы Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Тіл туралы Көркем сөз - көңіл тілі, жалаң сөз - зейін тілі. Тіл туралы Қазақ жеріндегі шаруалық - мал бағу мен егін егу. Төрт түлік мал туралы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
14.05.2013 07:53 9153

Байтұрсынов Ахмет (1873-1938) — ұлы ағартушы, көрнекті ғалым, ақын, публицист. Ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Түрмеге қамалып, жер аударылған. Қазақ тілінің теориясын жасап, жетілдірген, жаңа оқу жүйесінің негізін қалаған ірі реформатор. «Қазақ» газетін шығарған. Алғашқы өлең жинағы («Маса») 1911 жылы Орынборда жарық көрген. Одан екі жыл бұрын Санкт-Петербургта И.А. Крылов мысалдарының аудармасын («Қырық мысал») басып шығарған болатын. Б. поэзиясында автордың саяси-әлеуметтік көзқарасы жарқын көрініс тапқан.

Сөздің ең ұлысы - тарих!

Асыл сөз туралы

Көсем сөз - әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз.

Асыл сөз туралы

Көркем сөз - көңіл тілі, жалаң сөз - зейін тілі.

Асыл сөз туралы

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

Асыл сөз туралы

Сөздің асыл болуы - ұнауынан.

Асыл сөз туралы

Сөз қадірін білмесең - өлең оқып не керек.

Ғылым-білім, өнер туралы

Білімнің бас құралы - кітап.

Ғылым-білім, өнер туралы

Ғылым мен өнер көбейген сайын - бейнет кемиді.

Ғылым-білім, өнер туралы

Оқусыз халық қанша бай болса да - біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.

Ғылым-білім, өнер туралы

Күнелту үшін - ас керек, ас істеуге - күш керек, күшті жұмсауға ес керек.

Еңбек туралы

Жұрт жұмысын істеу - біздің қазақ балаларының әдетінде жоқ: ойынымыз - көп, әрекетіміз - аз.

Еңбек туралы

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билерзаман.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Дүниедегі нәрселердің бәрі қысылады, мұздайды, қатады - түсі қашып, өлік сияқты жатады. Күн жазыла бастағанда - жаз болады: бәріжадырайды - жазылады, көгереді, көркейеді. Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе - ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Қазақ жерінің тұтқасының екі ұшы екі қолда: бір ұшы - қазақ екіншісі - орыста.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Қазақ жері қазақтан кетпес еді - қазақ жері қазақтан кетпесіне іс  қылсақ.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны - жер қазыналықболғандықтан: әйтпесе, бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытқанқазақ бүгін - жерін сатып тойып, ертең - тентіреп кетер еді.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңці адаспай түзу істендер!Сендер адассаңдар - арттарыңнан алаш адасады: арттарыңнан ергендердің бал-сауабына сіздер қаласыздар.

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы! 

Қоғам, мемлекет, заман туралы

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Тіл туралы

Көркем сөз - көңіл тілі, жалаң сөз - зейін тілі.

Тіл туралы

Қазақ жеріндегі шаруалық - мал бағу мен егін егу.

Төрт түлік мал туралы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға