Жаңалықтар

Тұмаумен ойнауға болмайды

Соңғы екі-үш жылдың ішінде «құс тұмауы», одан кейін «шошқа тұмауы» деген аурулардың шыққандығын, онымен сырқаттанғандардың жағдайы қиындап жатқандығын естіп-біліп, бұл тек шет мемлекеттерден келген ауру, бізде ондай болуы мүмкін емес деп өз-өзімізді алдаусыратып келе жатқан жайымыз бар. Жылдан-жылға түрін ғана өзгертпей, адам баласы үшін қауіптілігін де күшейтіп келе жатқан бұл неткен ауру? Ол Қазақстанға қайдан келді? Күллі адамзатқа қауіп төндіріп отырған бұл аурудың күштілігі неде? Адамнан-адамға тікелей қатынас кезінде әуе-тамшы жолдары арқылы берілетін жедел вирусты респираторлық аурудың аты - «А/California/04/2009 (H1N1) деп аталынады. Оның негізгі клиникалық белгілері әдеттегі маусымдық тұмау симптомдарымен ұқсас – дене қызуы, бас ауруы, жөтел, тамақтың ауруы, мұрыннан су ағу немесе мұрын бітелуі. Бұл тұмаудың емделуі әдеттегі маусымдық тұмауды емдеуге ұқсас жүреді. Дәрігерге кешіктіріп жолыққан жағдайда, оның арты өліммен аяқталуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 2009 жылғы 4 тамызда бұл тұмаудың 185789 жағдайы тіркеліп, олардың 1260 жағдайында адамдар қаза болған. Індетке шалдығудың ең көп тіркелген жағдайлары Мексикада, АҚШ–та, Канадада, Жапонияда, Ұлыбританияда, Испанияда байқалыныпты. Пандемиялық тұмаудың алғашқы тіркелген жағдайлары Ұлыбританияда 1 ай тілдік тәжірибеден өтіп, Лондоннан Астанаға оралған оқушылар тобымен әкелінді. Келген балалар арасында А (Н1N1) тұмауының белгілері болған. Ресейде және Украинада A/H1N1 тұмауы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына және әлемнің көптеген елдерінде сырқатқа шалдыққандар мен қайтыс болғандар санының артуына байланысты Қазақстанда да осы инфекцияның алдын алу бойынша жедел шаралар қабылданды. 2012-2013 жылдардың індет маусымы алдында тұмаудың алдын алу мақсатында 86661 адамға екпе жасалды, бұл – облыс халқы жалпы санының 8,2% құрайды. Жұқпалардың көптеген түрлері бар, олардың ішінде барлығымызға белгілісі - тұмаудың және парагрипптің вирусы, аденовирус, риновирус, реовирус және т.б. Олар тез жойылады, бірақ адамнан адамға ауа- тамшылары арқылы жұғады. Ауруды жұқтырғанан кейін алғашқы белгілері пайда болғанға дейін аз уақыт өтеді- бірнеше сағаттан бастап, төрт күнге дейін. Кез келген респираторлы вирус бүкіл тыныс алу жолдарын емес, тек белгілі бөлігін зақымдайды. Вирустар тыныс жолдарының әртүрлі бөлімдерін талғап орналасуымен сипатталады. Жедел респираторлы жұқпалардың міндетті түрде болатын белгісі – суық тию. Ол кезде адамның дене қызуы (38,5ж%С дейін) көтерілуі мүмкін, бұл кезде барынша әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар шырышты қабықтардың ісінуі байқалады – катаралды көрініс: мұрынның бітелуі және мұрынан су ағу, тамақтың ауруы, көздің шаншуы, жас ағу, жөтел, кейде ұстама тәрізді құрғақ жөтел, қақырық түсуі мүмкін. Әдетте тұмау жедел басталады: қалтырау, дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі, тершеңдік, бұлшық еттердің ауруы, бастың қатты ауруы, көзден жас ағу, қатты жөтел, тамақтың жыбырлауы, мұрынның бітелуі және т.б белгілер пайда болады. Ауруханаға, көбінесе, аурудың ауыр және асқынған түрлерімен ауырған балаларды жатқызады. Аурулардың жеке гигиенаны сақтауларына және бөлмені таза ұстауға аса көңіл аудару қажет. Тамақты ағзаның ерекшелігіне және жасына қарай тағайындайды. Тамақ жеңіл сіңімді және витаминдерге бай болу керек. Халық арасында аурушаңдықтың өсуіне байланысты жедел респираторлық инфекция және тұмауға қарсы егілулер жасалғаны жөн. Тұмауға қарсы тұрғындарды вакцинациялау барлық қалалық емханаларда қыркүйек-қазан айларында жүргізіледі. Ауырғаннан, ауырмаудың алдын алған жөн екендігін тағы да ескерте отырып, жіті вирусты жұқпаларға жол бермес үшін, оған қарсы егілген дұрыс екендігін естен шығармаған абзал. Гүлфайруз МЫРЗАБЕКОВА, ҚРДСМ мемлекеттік санэпидқадағалау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті директорының орынбасары   BNews.kz 01.03.2013
24.04.2013 12:52 4502

Соңғы екі-үш жылдың ішінде «құс тұмауы», одан кейін «шошқа тұмауы» деген аурулардың шыққандығын, онымен сырқаттанғандардың жағдайы қиындап жатқандығын естіп-біліп, бұл тек шет мемлекеттерден келген ауру, бізде ондай болуы мүмкін емес деп өз-өзімізді алдаусыратып келе жатқан жайымыз бар. Жылдан-жылға түрін ғана өзгертпей, адам баласы үшін қауіптілігін де күшейтіп келе жатқан бұл неткен ауру? Ол Қазақстанға қайдан келді? Күллі адамзатқа қауіп төндіріп отырған бұл аурудың күштілігі неде?

Адамнан-адамға тікелей қатынас кезінде әуе-тамшы жолдары арқылы берілетін жедел вирусты респираторлық аурудың аты - «А/California/04/2009 (H1N1) деп аталынады. Оның негізгі клиникалық белгілері әдеттегі маусымдық тұмау симптомдарымен ұқсас – дене қызуы, бас ауруы, жөтел, тамақтың ауруы, мұрыннан су ағу немесе мұрын бітелуі. Бұл тұмаудың емделуі әдеттегі маусымдық тұмауды емдеуге ұқсас жүреді. Дәрігерге кешіктіріп жолыққан жағдайда, оның арты өліммен аяқталуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша 2009 жылғы 4 тамызда бұл тұмаудың 185789 жағдайы тіркеліп, олардың 1260 жағдайында адамдар қаза болған. Індетке шалдығудың ең көп тіркелген жағдайлары Мексикада, АҚШ–та, Канадада, Жапонияда, Ұлыбританияда, Испанияда байқалыныпты.

Пандемиялық тұмаудың алғашқы тіркелген жағдайлары Ұлыбританияда 1 ай тілдік тәжірибеден өтіп, Лондоннан Астанаға оралған оқушылар тобымен әкелінді. Келген балалар арасында А (Н1N1) тұмауының белгілері болған.

Ресейде және Украинада A/H1N1 тұмауы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына және әлемнің көптеген елдерінде сырқатқа шалдыққандар мен қайтыс болғандар санының артуына байланысты Қазақстанда да осы инфекцияның алдын алу бойынша жедел шаралар қабылданды.

2012-2013 жылдардың індет маусымы алдында тұмаудың алдын алу мақсатында 86661 адамға екпе жасалды, бұл – облыс халқы жалпы санының 8,2% құрайды.

Жұқпалардың көптеген түрлері бар, олардың ішінде барлығымызға белгілісі - тұмаудың және парагрипптің вирусы, аденовирус, риновирус, реовирус және т.б. Олар тез жойылады, бірақ адамнан адамға ауа- тамшылары арқылы жұғады. Ауруды жұқтырғанан кейін алғашқы белгілері пайда болғанға дейін аз уақыт өтеді- бірнеше сағаттан бастап, төрт күнге дейін. Кез келген респираторлы вирус бүкіл тыныс алу жолдарын емес, тек белгілі бөлігін зақымдайды. Вирустар тыныс жолдарының әртүрлі бөлімдерін талғап орналасуымен сипатталады. Жедел респираторлы жұқпалардың міндетті түрде болатын белгісі – суық тию. Ол кезде адамның дене қызуы (38,5ж%С дейін) көтерілуі мүмкін, бұл кезде барынша әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар шырышты қабықтардың ісінуі байқалады – катаралды көрініс: мұрынның бітелуі және мұрынан су ағу, тамақтың ауруы, көздің шаншуы, жас ағу, жөтел, кейде ұстама тәрізді құрғақ жөтел, қақырық түсуі мүмкін. Әдетте тұмау жедел басталады: қалтырау, дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі, тершеңдік, бұлшық еттердің ауруы, бастың қатты ауруы, көзден жас ағу, қатты жөтел, тамақтың жыбырлауы, мұрынның бітелуі және т.б белгілер пайда болады. Ауруханаға, көбінесе, аурудың ауыр және асқынған түрлерімен ауырған балаларды жатқызады. Аурулардың жеке гигиенаны сақтауларына және бөлмені таза ұстауға аса көңіл аудару қажет. Тамақты ағзаның ерекшелігіне және жасына қарай тағайындайды. Тамақ жеңіл сіңімді және витаминдерге бай болу керек.

Халық арасында аурушаңдықтың өсуіне байланысты жедел респираторлық инфекция және тұмауға қарсы егілулер жасалғаны жөн. Тұмауға қарсы тұрғындарды вакцинациялау барлық қалалық емханаларда қыркүйек-қазан айларында жүргізіледі. Ауырғаннан, ауырмаудың алдын алған жөн екендігін тағы да ескерте отырып, жіті вирусты жұқпаларға жол бермес үшін, оған қарсы егілген дұрыс екендігін естен шығармаған абзал.

Гүлфайруз МЫРЗАБЕКОВА, ҚРДСМ мемлекеттік санэпидқадағалау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті директорының орынбасары

 

BNews.kz

01.03.2013

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға