Australian Open-2025: Рыбакина мен Путинцева үшінші айналымға өтті

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
16.01.2025 14:24
836
Қазақстан құрамасының теннисшілері Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатқан беделді Australian Open-2025 турнирінің екінші кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рыбакина өз матчында америкалық Ива Йовичтен басым түсіп, 6:0, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы украиналық Даяна Ястремская болмақ.
Путинцева екінші кезеңде Қытай спортшысы Чжан Шуайдан 6:2, 6:1 есебімен айласын асырды. Үшінші матчында ол ресейлік Дарья Касаткинамен кездеседі.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлытауда көлік бұзылып, жолда қалған 4 адам құтқарылды