Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі
16.01.2025 09:36
401
Астанада 18-19 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді. Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміздің бес өңірінде заңсыз көші-қон арналары жойылды
Келесі жаңалық
Жезқазғанда жеке сектордағы үйдің шатыры өртенді