Дональд Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысатыны анықталды

Фото: instagram.com/realdonaldtrump
Фото: instagram.com/realdonaldtrump
16.01.2025 12:07
2722
АҚШ президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев қатысатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
Айта кетейік, Дональд Трамптың инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында өтіп, Трамп екінші рет президенттікке кіріспек.
Бұл күні жүз мыңдаған адамның қауіпсіздігін 25 мың тәртіп сақшысы қамтамасыз етеді. Соның ішінде 12 мыңға жуық әскери қызметші елдің өзге өңірлерінен келеді.
Әзірге қаладағы қонақ үйлерде нөмірлердің 70% броньдалған. 2017 жылы бұл көрсеткіш 95%-ды құраса, 2013 жылы 78% болған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Израиль мен ХАМАС мәмілеге келіп, Газадағы соғысты тоқтатпақ
Келесі жаңалық
Олжас Бектенов Қосшының бас жоспарымен танысты