Өмірдерек
Жамбыл Мұхитұлы Көкеев1988 жылы 20 қыркүйекте Жамбыл облысы, Шуқаласында дүниеге келді. Жамбылдың футболшы болуы кездейсоқ емес.
Өйткені Жамбыл футболшылардың отбасында дүниеге келген.Әкесі Мұхит, бауырлары Жігер, Мейіржан бәрі – футболшылар. Осы Көкеевтер отбасы «Бір атаның балалары доп тебеді» турнирінің жеңімпазы да болған.
Жамбыл шапшаң, алаңда қолды-аяққа тұрмайтын жылпың ойыншы. Техникалықшеберлігі жағынан еліміздегі үздік футболшылардың қатарына енеді.
Жамбыл 16 жасында бірінші лигадағы «Железнодорожник» командасында 20 ойын (4 гол) өткізген. Бозбаланың жарқын ойынын көрген марқұм Антон Шох оны жастар құрамасының сапына шақырады.
Келесі маусымда «Астана» клубына ауысып, алғашқы маусымда-ақ Қазақстан чемпионы атанады. Ол кезде «Астана» клубының да, ұлттық құраманың да бас бапкері Арно Пайперс болатын.
Жамбыл «Астана» сапында 2006-2007 жылдары 53 ойын өткізіп, 3 гол соғады. Осы жылдары отандық аяқдоп жанкүйерлерінің бәрі «қазақ футболының болашақжұлдызы өсіп келеді» деп қуанған болатын.
2008 жылы Алматының «Алма-Ата» клубымен келісім-шартқа отырады. Сол кездері «Алма-Ата» клубында талай талантты жастар өнер көрсеткен болатын.
Абзал Жұмабаев, Данияр Кенжеханов, Сергей Ларин, Андрей Шабанов секілді дарынды жастармен бірге Жамбыл да осы команданың негізгі ойыншылардыңбірі болады.
Сол «Алма-Ата» клубының жастары жанкештілік танытып, Қазақстан кубогының финалына шығып, тек ақтық ойында «Ақтөбеден» ұтылған болатын.
2009 жылы «Алма-Ата» клубы тарқап, футболшылары жан-жаққа тарыдай бытыраған. «Алма-ата», «Мегаспорт» командаларының орнына Астанақаласында «Локоматив» (қазіргі «Астана») клубы құрылды.
Бас бапкерлік қызметке көпшілікке танымал маман Сергей Юран шақыртылған. Юран астаналық жас командаға Тихонов, Титов сияқты өзінің «Спартактағы»әріптестерін, сондай-ақ бір кездегі Киевтің «Динамосының» шабуылшысы Максим Шацких сияқты жұлдыздарды жинайды.
Әрі Қазақстандағы допты тәуір тебетін ойыншыларда осы команданың сапына жинай бастайды.Осылардың арасында Жамбыл да болды.
Жамбыл «Локоматив» сапында алғашқы турларда алаңға көбірек шыққанымен, маусым ортасына қарай команда құрамында сирек көрінетін болды. Тіпті, кейінқосалқы құрамнан бір-ақ шығады.
Мұның бәрі бас бапкер Юранмен арадағы келіспеушілікке байланысты жүзеге асқан. Кейіннен мәлім болғандай, даудың басы – қазақ тілі жайлы болған екен. Бұл туралы Жамбылдың өзі былай дейді:
– Бұл оқиға туралы талай рет айтылып, жазылды. Осыншама шу көтерген кикілжің былайша басталды: Бір күні командаласым екеуміз қазақшаәңгімелесіп отырдық. Сол кезде бас бапкеріміз Сергей Юран қасымызға келіп, «қазақша сөйлегендеріңді естуші болмайын» демесі бар ма!
Біз аң-таң болып, бапкерімізге қарап қалдық. Сол сәтте мен бапкерімменұрысып, қарсы шыққан жоқпын. Бірақ осыдан кейін бірге жұмыс істеу тіпті мүмкін емес болып кетті. Мен оған деген қандай да бір сыйластықты жоғалттым. Сәті түссе болғаны, қарсы шығып, сөзге келіспей қала беруді шығардым.
Менің таң қалғаным, мен орысша білмесем, ол қайтер екен?! Ол қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып табылатын елде жұмыс істей отыра, осындайәрекет істеді. Тіпті оған не себеп болғанын да түсіне алмай қойдым, бірақ олқандай танымал маман болсын, оған деген сыйластығым солғын тарта бастады.
Кейіннен команда тізгінін неміс маманы Хольгер Фах ұстады. Жамбыл бұл бапкермен де тіл табыса алмай, алаңға бар болғаны төрт-ақ рет шығады.
Содан 2011 жылы Қарағандының «Шахтеріне» ауысады. Міне, осыдан бастапқана алаңда футболшы Жамбылды көре бастағандаймыз. «Шахтерді» қазіргі кезде Жамбылсыз елестету мүлде мүмкін емес.
Бүгінде ол кеншілер клубының көшбасшысы болып, жанкүйерлердің ыстықықыласына бөленіп жүр. Бұл клубта қол жеткізген жетістігі де жаман емес. Соңғы екі маусымдада ел чемпионы атанды. 51 ойында қақпа торын 15 рет бүлк еткізді.
Еуропа лигасының бірінші айналымында «Шахтер» Жамбыл мен Ұланныңарқасында «Копер» командасын айналып өтті. Түздегі ойында Жамбыл пенальти тебуден мүлт кеткен жоқ. Қарағандыдағы ойында Ұланға тамаша пас шығарып, дубль жасауына өз септігін тигізді.
Сол кездесулерде қазақтын қос қыранының жасыл алаңда тізе қоса ойнағанын көріп, бірін-бірі тамаша түсінетіндіктерін байқап, сүйсінгеніміз жасырын емес. Кейіннен Ұлан «Астана» клубына ауысып, бұл үйлесімді байланыс үзіліп қалды.
...«Шахтер» екінші айналымда Ирландиялық «Сент-Патрикс Атлетик» клубынан бір ғана доп айырмасымен ұтылып қалды.
Ал биылғы маусмдағы Чемпиондар лигасында Чехияның «Слованымен» өткен ойында Жамбыл тағы пенальтиден есеп ашты. Бірақ, кеншілер клубын да сол баяғы соңғы минуттар құртты...
Жамбыл шетелдік «Баку», «Нефтчи», «Буджаспор», «Шальке-04» сияқты командалардың байқауында болып қайтқан.
Өзінің сүйікті командасы жайлы Жамбыл былай дейді:
– «Реал» (Мадрид, Испания) клубы – мен үшін ең үздік ұжым. Аталмыш команданың ойындары, өз қатарына тек ең үздік ойыншыларды ғана жинауы – оның керметтілігінің дәлелі. Әлемнің футбол жұлдыздарын сапына қосу, тіпті жылына кем дегенде бір «жұлдызды» сатып алу аталмыш клуб басшылығының өзгермес жоспарына айналған. Әрі бұл да өз нәтижесін беруде. «Реал» (Мадрид) клубының Испания чемпионаты мен УЕФА Чемпиондар лигасындағы жарқын жеңістері – соның айғағы.