Жаңалықтар

Мықтылардың мықтысы

Мұраттың балалық шағынан негізгі деректерді бізге оның өз атындағы мектептегі мұражайдың директоры Эмма Крас­никова берді. Кезінде осы мектептің директоры бол­ған ол қазір аталмыш музейді де үкілеп отыр. Мұрат алдымен Пет­ропавлдың М.Горький атындағы сегізжылдық мектебінде оқиды, одан соң В.И.Ленин атындағы №1 мектепке ауысып, 9-10 сыныптарды сонда бітіреді. Аса дарынды балалардың бойында болатын еркінсу, белбеуді бос тастау сияқты әдеттер Мұраттың басында да болған. Қабілеті жетіп тұрса да ол ағалары секілді мектепті алтын медальға бітіруге тырыспаған. Бірақ өзінің бойындағы дарынын биологияның қыр-сырын үйренуге бұрған. Оған осы мектептегі биология пә­нінің тәжірибелі және аса білікті мұғалімі В.Сте­пановтың ықпалы зор болған екен. В.И.Ленин атындағы орта мектептің оқу-тә­жірибе участогы шамамен 1-1,5 шақырымдай қашық жерде орналасқан. Оқу­шылар сол жерде түрлі ағаштар, өсімдіктер мен гүлдер өсіріп, биологиядан тәжірибе сабағын өтеді. Бірақ жаяу жүретін ол жерге оқушылар аса барғысы келмейді. Еркіндеу жүретін Мұраттың да кежегесі кейін тартып, тәжірибе участогынан қашқалақтайды. Дегенмен, тәжірибелі ұстаз шәкіртінің бойында биологияға деген қызығушылықты оята біледі. Енді Мұрат мектептен тыс уақыттарда да участокқа өздігінен барып, өзі отырғызған өсімдіктер мен гүлдерді суарып, тозаңдандырып, қайта отырғызып, түрлі тәжірибелер жасай бастайды… Гүлдердің бойындағы қарапайым жандар көзге іле қоймайтын “қызықтар” жас жігіттің құштарлығын арттыра түседі. Сол жылдарда мектеп директоры, кейіннен белгілі өлкетанушы болған Василий Черниковтың айтуына қарағанда, ол жас табиғаттанушы ретінде ВДНХ-ға барып, көрмеде 1954 жылы медаль да алған… 1980 жылы “Ленинская смена” газетінің: “16 жасыңызда өскенде кім боламын деп ойладыңыз?” деген сұрағына ғалым “Тарының жаңа түрін шығаруды армандаушы едім”, деп жауап берген екен. Өсімдіктер әлемінің тылсым сырын білмекке деген құштарлық Мұратты мектеп бітірген бойда ҚазМУ-дің биофагынан бір-ақ шығарады. Өзі қалаған мамандықты үйренуге ол бар ынтасымен кіріседі. Оның сол кездегі мұғалімдерінің бірі, биология ғылымдарының докторы Надежда Удольскаяның айтуына қарағанда, Мұрат барлық шәкірттерден оқ бойы озық болыпты. Жас жігіттің биологияға деген махаббаты бірден көзге түсетін еді дейді тәжірибелі ұстаз. Ол жылдары ҚазМУ-де Мәскеумен шәкірт алмасу сияқты жақсы тәжірибе болған. Өз мамандығына құштар, жақсы оқитын студенттерді ҚазМУ келісім бойынша МГУ-ге бір-екі жыл жіберіп, оқытып алады екен. Осы тәжірибе Мұратқа да жасалып, ол 3-4 курста оқуды Мәскеуде жалғастырады. Ал бесінші курсты қайтадан ҚазМУ-де оқып, оны 1962 жылы аяқтайды. Университетте өз ісінің тамаша мамандары академик Т.Дарқанбаев пен профессор Ф.Халилов жас ғалымның қанат жаюына қолайлы жағдайлар туғызады. Оқуды бітірген жылы Мұрат МГУ-дің аспирантурасына түсіп, болашақ академик А.Спириннің жетекшілігімен 1966 жылы кандидаттық ғылыми жұмысын тамаша қорғап шығады. Өзінің тақырыбында ол әлемде алғашқы­лардың бірі болып өзі жақсы көрген өсімдіктер клет­каларының молекулалық деңгейде дамуын зерттеген. Жанат Түгелбаев, «Егемен Қазақстан»
23.04.2013 05:54 3990

Мұраттың балалық шағынан негізгі деректерді бізге оның өз атындағы мектептегі мұражайдың директоры Эмма Крас­никова берді. Кезінде осы мектептің директоры бол­ған ол қазір аталмыш музейді де үкілеп отыр.

Мұрат алдымен Пет­ропавлдың М.Горький атындағы сегізжылдық мектебінде оқиды, одан соң В.И.Ленин атындағы №1 мектепке ауысып, 9-10 сыныптарды сонда бітіреді. Аса дарынды балалардың бойында болатын еркінсу, белбеуді бос тастау сияқты әдеттер Мұраттың басында да болған. Қабілеті жетіп тұрса да ол ағалары секілді мектепті алтын медальға бітіруге тырыспаған. Бірақ өзінің бойындағы дарынын биологияның қыр-сырын үйренуге бұрған. Оған осы мектептегі биология пә­нінің тәжірибелі және аса білікті мұғалімі В.Сте­пановтың ықпалы зор болған екен.

В.И.Ленин атындағы орта мектептің оқу-тә­жірибе участогы шамамен 1-1,5 шақырымдай қашық жерде орналасқан. Оқу­шылар сол жерде түрлі ағаштар, өсімдіктер мен гүлдер өсіріп, биологиядан тәжірибе сабағын өтеді. Бірақ жаяу жүретін ол жерге оқушылар аса барғысы келмейді. Еркіндеу жүретін Мұраттың да кежегесі кейін тартып, тәжірибе участогынан қашқалақтайды. Дегенмен, тәжірибелі ұстаз шәкіртінің бойында биологияға деген қызығушылықты оята біледі. Енді Мұрат мектептен тыс уақыттарда да участокқа өздігінен барып, өзі отырғызған өсімдіктер мен гүлдерді суарып, тозаңдандырып, қайта отырғызып, түрлі тәжірибелер жасай бастайды… Гүлдердің бойындағы қарапайым жандар көзге іле қоймайтын “қызықтар” жас жігіттің құштарлығын арттыра түседі. Сол жылдарда мектеп директоры, кейіннен белгілі өлкетанушы болған Василий Черниковтың айтуына қарағанда, ол жас табиғаттанушы ретінде ВДНХ-ға барып, көрмеде 1954 жылы медаль да алған… 1980 жылы “Ленинская смена” газетінің: “16 жасыңызда өскенде кім боламын деп ойладыңыз?” деген сұрағына ғалым “Тарының жаңа түрін шығаруды армандаушы едім”, деп жауап берген екен.

Өсімдіктер әлемінің тылсым сырын білмекке деген құштарлық Мұратты мектеп бітірген бойда ҚазМУ-дің биофагынан бір-ақ шығарады. Өзі қалаған мамандықты үйренуге ол бар ынтасымен кіріседі. Оның сол кездегі мұғалімдерінің бірі, биология ғылымдарының докторы Надежда Удольскаяның айтуына қарағанда, Мұрат барлық шәкірттерден оқ бойы озық болыпты. Жас жігіттің биологияға деген махаббаты бірден көзге түсетін еді дейді тәжірибелі ұстаз.

Ол жылдары ҚазМУ-де Мәскеумен шәкірт алмасу сияқты жақсы тәжірибе болған. Өз мамандығына құштар, жақсы оқитын студенттерді ҚазМУ келісім бойынша МГУ-ге бір-екі жыл жіберіп, оқытып алады екен. Осы тәжірибе Мұратқа да жасалып, ол 3-4 курста оқуды Мәскеуде жалғастырады. Ал бесінші курсты қайтадан ҚазМУ-де оқып, оны 1962 жылы аяқтайды. Университетте өз ісінің тамаша мамандары академик Т.Дарқанбаев пен профессор Ф.Халилов жас ғалымның қанат жаюына қолайлы жағдайлар туғызады. Оқуды бітірген жылы Мұрат МГУ-дің аспирантурасына түсіп, болашақ академик А.Спириннің жетекшілігімен 1966 жылы кандидаттық ғылыми жұмысын тамаша қорғап шығады. Өзінің тақырыбында ол әлемде алғашқы­лардың бірі болып өзі жақсы көрген өсімдіктер клет­каларының молекулалық деңгейде дамуын зерттеген.

Жанат Түгелбаев, «Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға