Жаңалықтар

Кебек хан

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КЕБЕК ХАН (т.ж.б. – 1326) – Шағатай ұлысының билеушісі (1318 – 26), Дува ханның баласы. К. х. Шағатай ұлысын бір орталыққа бағындыруға және оның саяси-шаруашылық жағдайын нығайтуға ұмтылды. Шағатай ұлысын құрайтын аймақтардың (батысында – Мауераннахр, шығысында – Жетісу және Шығыс Түркістанның бір бөлігі) біртұтас экон. және этн. бірлігінің болмауы, сондай-ақ, талас-тартыс салдарынан туған шаруашылық дағдарысы Шағатай мемлекетінің әлсіреп, ыдырауына әкеліп соқтырды. К. х. мемлекетті нығайту жөнінде бірқатар шараларды жүзеге асырды. Ол, негізінен, өз мемлекетінің батыс бөлігінде қала өмірін жандандырып, егін ш-н өркендетуге шұғыл бетбұрыс жасады, қираған қалаларды қалпына келтіріп, жаңа қала салу ісін қолға алды. К. х. мемлекеттің саяси-әкімш. орталығын шығыс аймақтан (Алмалықтың жанынан) Мауераннахрға (Қарши) ауыстырды. Экономиканы жандандыру мақсатымен 1321 ж. ақша реформасын жүргізді: Хулагу әулеті билеген Иран мен Алтын Орданың теңге жүйесі тектес бірегей теңге жүйесін енгізді. Кебектер деп аталған үлкен күміс динарлар мен ұсақ дирхемдер (1 дирхем – 1/6 динар) жалпы мемл. теңгелерге айналды. Алайда, мемлекеттің ішкі саяси өміріндегі өзара талас-тартыс, ауызбірліктің болмауы 1321 жылғы реформаларды жүзеге асыруға кедергі келтірді. 5 жылдан соң К. х. мемлекетте теңге жүйесін бір қалыпқа келтіріп, ақша реформасы арқылы сауданы, шаруашылықты жандандыру ісін қолға алды. К. х. жүргізген ақша реформасының Орталық Азияда қалалардың өсіп, шаруашылықтың өркендеуіне ықпалы зор болды. Мауераннахрдың көрші аймақтармен, солардың ішінде Дешті Қыпшақпен сауда байланысын нығайтуына да мүмкіндік берді. К. х. әкімш. реформа да жасады. К. х-ға дейін билік құрған хандар Шағатай мемлекетін даруға мен басқақтар арқылы басқарған. Бірқатар қалаларда, солардың ішінде Оңт. Қазақстандағы қалаларда жергілікті билеушілер – меліктер мен садрлар қалған. К. х. мемлекет басқару ісін тікелей өз қолына алды және елді ұсақ әскери-әкімш. және салық төлейтін округтерге – түмендерге бөлді. Бұрынғы иеліктер түмендерге, ал олардың билеушілері түмендердің иелеріне айналды. Бірақ көптеген түмендерді К. х. өзін жақтаған, Мауераннахрға өзімен бірге келген көшпелі моңғол-түрік ақсүйектеріне еншіге берді. К. х-ның реформасы мемлекетті өркендетуге едәуір септігін тигізді, әйтсе де бытыраңқылықты жоя алмады. Мемлекеттің шығыс бөлігінің экон. және саяси өміріне айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Жетісуда 14 ғ-дың бас кезінде қала өмірі мен егін ш. түгел дерлік құлдырап, тоқырап кетті. Шығ. Түркістан аймақтарының экон. және саяси дербестігі бірте-бірте күшейе түсті. К. х. қайтыс болғаннан кейін әскери-көшпелі ақсүйектердің хан билігіне қарсы күресі одан әрі күшейді. К. х-ның мемлекетті бір орталыққа бағындыру жөніндегі саясатын жалғастырушы інісі Тармашырын (1326 – 44) қастандықпен өлтірілді. 14 ғ-дың 40-жылдарында Шағатай мемлекеті Мауераннахр және Моғолстан болып екіге бөлінді. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
09.11.2012 03:08 10006

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КЕБЕК ХАН (т.ж.б. – 1326) – Шағатай ұлысының билеушісі (1318 – 26), Дува ханның баласы. К. х. Шағатай ұлысын бір орталыққа бағындыруға және оның саяси-шаруашылық жағдайын нығайтуға ұмтылды. Шағатай ұлысын құрайтын аймақтардың (батысында – Мауераннахр, шығысында – Жетісу және Шығыс Түркістанның бір бөлігі) біртұтас экон. және этн. бірлігінің болмауы, сондай-ақ, талас-тартыс салдарынан туған шаруашылық дағдарысы Шағатай мемлекетінің әлсіреп, ыдырауына әкеліп соқтырды. К. х. мемлекетті нығайту жөнінде бірқатар шараларды жүзеге асырды. Ол, негізінен, өз мемлекетінің батыс бөлігінде қала өмірін жандандырып, егін ш-н өркендетуге шұғыл бетбұрыс жасады, қираған қалаларды қалпына келтіріп, жаңа қала салу ісін қолға алды. К. х. мемлекеттің саяси-әкімш. орталығын шығыс аймақтан (Алмалықтың жанынан) Мауераннахрға (Қарши) ауыстырды. Экономиканы жандандыру мақсатымен 1321 ж. ақша реформасын жүргізді: Хулагу әулеті билеген Иран мен Алтын Орданың теңге жүйесі тектес бірегей теңге жүйесін енгізді. Кебектер деп аталған үлкен күміс динарлар мен ұсақ дирхемдер (1 дирхем – 1/6 динар) жалпы мемл. теңгелерге айналды. Алайда, мемлекеттің ішкі саяси өміріндегі өзара талас-тартыс, ауызбірліктің болмауы 1321 жылғы реформаларды жүзеге асыруға кедергі келтірді. 5 жылдан соң К. х. мемлекетте теңге жүйесін бір қалыпқа келтіріп, ақша реформасы арқылы сауданы, шаруашылықты жандандыру ісін қолға алды. К. х. жүргізген ақша реформасының Орталық Азияда қалалардың өсіп, шаруашылықтың өркендеуіне ықпалы зор болды. Мауераннахрдың көрші аймақтармен, солардың ішінде Дешті Қыпшақпен сауда байланысын нығайтуына да мүмкіндік берді. К. х. әкімш. реформа да жасады. К. х-ға дейін билік құрған хандар Шағатай мемлекетін даруға мен басқақтар арқылы басқарған. Бірқатар қалаларда, солардың ішінде Оңт. Қазақстандағы қалаларда жергілікті билеушілер – меліктер мен садрлар қалған. К. х. мемлекет басқару ісін тікелей өз қолына алды және елді ұсақ әскери-әкімш. және салық төлейтін округтерге – түмендерге бөлді. Бұрынғы иеліктер түмендерге, ал олардың билеушілері түмендердің иелеріне айналды. Бірақ көптеген түмендерді К. х. өзін жақтаған, Мауераннахрға өзімен бірге келген көшпелі моңғол-түрік ақсүйектеріне еншіге берді. К. х-ның реформасы мемлекетті өркендетуге едәуір септігін тигізді, әйтсе де бытыраңқылықты жоя алмады. Мемлекеттің шығыс бөлігінің экон. және саяси өміріне айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Жетісуда 14 ғ-дың бас кезінде қала өмірі мен егін ш. түгел дерлік құлдырап, тоқырап кетті. Шығ. Түркістан аймақтарының экон. және саяси дербестігі бірте-бірте күшейе түсті. К. х. қайтыс болғаннан кейін әскери-көшпелі ақсүйектердің хан билігіне қарсы күресі одан әрі күшейді. К. х-ның мемлекетті бір орталыққа бағындыру жөніндегі саясатын жалғастырушы інісі Тармашырын (1326 – 44) қастандықпен өлтірілді. 14 ғ-дың 40-жылдарында Шағатай мемлекеті Мауераннахр және Моғолстан болып екіге бөлінді.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға