Жаңалықтар

Өмірбаяны

Сариев Серік Мұхамбеткаримұлы 1979 жылы 16 қаңтарда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – арнаулы орта. 1994 жылы Нун Жубаев атындағы қазақ орта мектебін 9 сыныптан аяқтап, Маңғыстау өнер колледжінің хореография бөлімінде арнайы кәсіби мамандығын оқып, 1998 жылы «би ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша бітіреді. Шығармашылық жолын ақтаулық әнші Гүлнар Бисембиеваның шоу-тобынан бастаған студент Серік, түрлі концерттік шараларға қатысып, үлкен сахнаға бойы үйрене бастайды. Кейін, сондай шаралардың бірінде бозбаланың талантын байқаған мәдениет қайраткерлері оны қалалық Абай атындағы мәдени-демалыс кешеніне шақыртады. Осылайша, 1997 жылы «Радуга» балалар шығармашылығы студиясы жанындағы жастардың атышулы «Тенериф» вокалды тобына хореограф болып келген жас маман  сол жылы «Жорға» би тобын құрды. Бір жыл бойы төгілтер тер зая кетпей, «Спорт және музыка» би байқауында «Жорға» әуесқой би тобы 1-орынды иеленді. Бұл шын жеңіс болатын. Дәл осы жетістік талай-талай шыңдарды бағындыруға анық серпін болғанын бүгінде Серік мақтанышпен еске алады. 2000 жылдан Абай мәдениет үйіне жұмысқа қабылданып  би ұжымының жетекшісі  болып қызмет атқарып келеді. 2001-2004 жылдар аралығында А. Селезнев атындағы хореографиялық училищеден, Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясынан Болат Аюханов, Эдуардь Мальбеков, Г.Габбасова, Б. Ғанижамал, Айгүл Тати, О.Шубладз, Р. Унгарова, А.Алишева би өнер майталмандарынан шеберлік сабақтар алған және Үндістан елшілігі жанындағы Өнер орталығынан Ақмарал Қайназарова, Мира Тен мамандарынан айлық курсынан өткен. С. Сариев «Жорға» би ансамблімен бірге қазақ би өнерін насихаттауды қолға алып, бірнеше ұлттық салт-дәстүрлерді қамтыған би қойылымдарын қойып, қалалық, облыстық, халықаралық би байқауларында, мәдени шаралар мен Маңғыстау өнері күндерінде, Россия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Македония, Чехия, Армения, Корея, Испания елдерінде өнер додаларына қатысып би өнерін насихаттады. Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры ұжымымен бірлесе  Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы желісімен қойылған «Махаббат мұнарасы» спектаклінің режиссер-хореографы болды. Жыл сайын өткізілетін облыс көлеміндегі барлық мәдени шараларға, сонымен қатар «Маңғыстау жұлдыздары», «Каспий – достық теңізі», «Біз – күн перзентіміз!» атты халықаралық шараларда режиссер және бас хореограф қызметін атқарып келеді. облыстық «Жастар сыйлығы», қала және облыс әкімдерінің мақтау грамоталарымен, Елбасы Н.Назарбаевтың құрмет грамотасымен марапатталған.
26.02.2013 09:17 7707

Сариев Серік Мұхамбеткаримұлы 1979 жылы 16 қаңтарда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – арнаулы орта. 1994 жылы Нун Жубаев атындағы қазақ орта мектебін 9 сыныптан аяқтап, Маңғыстау өнер колледжінің хореография бөлімінде арнайы кәсіби мамандығын оқып, 1998 жылы «би ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша бітіреді.
Шығармашылық жолын ақтаулық әнші Гүлнар Бисембиеваның шоу-тобынан бастаған студент Серік, түрлі концерттік шараларға қатысып, үлкен сахнаға бойы үйрене бастайды. Кейін, сондай шаралардың бірінде бозбаланың талантын байқаған мәдениет қайраткерлері оны қалалық Абай атындағы мәдени-демалыс кешеніне шақыртады. Осылайша, 1997 жылы «Радуга» балалар шығармашылығы студиясы жанындағы жастардың атышулы «Тенериф» вокалды тобына хореограф болып келген жас маман  сол жылы «Жорға» би тобын құрды. Бір жыл бойы төгілтер тер зая кетпей, «Спорт және музыка» би байқауында «Жорға» әуесқой би тобы 1-орынды иеленді. Бұл шын жеңіс болатын. Дәл осы жетістік талай-талай шыңдарды бағындыруға анық серпін болғанын бүгінде Серік мақтанышпен еске алады.
2000 жылдан Абай мәдениет үйіне жұмысқа қабылданып  би ұжымының жетекшісі  болып қызмет атқарып келеді.
2001-2004 жылдар аралығында А. Селезнев атындағы хореографиялық училищеден, Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясынан Болат Аюханов, Эдуардь Мальбеков, Г.Габбасова, Б. Ғанижамал, Айгүл Тати, О.Шубладз, Р. Унгарова, А.Алишева би өнер майталмандарынан шеберлік сабақтар алған және Үндістан елшілігі жанындағы Өнер орталығынан Ақмарал Қайназарова, Мира Тен мамандарынан айлық курсынан өткен.
С. Сариев «Жорға» би ансамблімен бірге қазақ би өнерін насихаттауды қолға алып, бірнеше ұлттық салт-дәстүрлерді қамтыған би қойылымдарын қойып, қалалық, облыстық, халықаралық би байқауларында, мәдени шаралар мен Маңғыстау өнері күндерінде, Россия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Македония, Чехия, Армения, Корея, Испания елдерінде өнер додаларына қатысып би өнерін насихаттады.
Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театры ұжымымен бірлесе  Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы желісімен қойылған «Махаббат мұнарасы» спектаклінің режиссер-хореографы болды.
Жыл сайын өткізілетін облыс көлеміндегі барлық мәдени шараларға, сонымен қатар «Маңғыстау жұлдыздары», «Каспий – достық теңізі», «Біз – күн перзентіміз!» атты халықаралық шараларда режиссер және бас хореограф қызметін атқарып келеді.
облыстық «Жастар сыйлығы», қала және облыс әкімдерінің мақтау грамоталарымен, Елбасы Н.Назарбаевтың құрмет грамотасымен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға