Бүгiн ҚР Үкiметiнде 2020 жылға дейiнгi жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылға дейiнгi жастар саясатының тұжырымдамасы әзiрленiп, 2013 жылдың 14-шi ақпанда тұжырымдаманың жобасы Президент Әкiмшiлiгi басшысының төрағалығымен талқыланған болатын.
«Алдағы маңызды өзгерiстер процесiнде жастарға түсетiн әлеуметтiк жүктеме бiрден ұлғаятын болады. Жастарға қатысты бiрқатар мәселелер бар екенiн өздерiңiз жақсы бiлесiздер. Олар – баспана, жұмысқа орналасу, жастар ортасының радикалдану проблемалары. Аталған мәселелер бiз әзiрлеген Тұжырымдамада толығымен ескерiлдi», - дедi өз баяндамасында Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұлов.
«Жаңа тұжырымдаманың ерекшелiгi – ол бiлiм алушы жастарға ғана арналмаған. Сонымен қатар, жұмыс iстейтiн, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, маргиналды және тағы да басқа жастардың барлық санаттарын қамтиды. Әрбiр қала мен ауылды iс-шаралармен қамту мiндеттерi шешiле бастады. Бұл үшiн қалалар мен аудандарда ресурстық орталықтар құрылуда, ауылдық округтерде жастармен жұмыс iстейтiн инструкторлар енгiзiлуде», - деп атап өттi ол.
2020 жылға дейiнгi жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданды
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек