Елордада 29 наурыздан 1 сәуірге дейін Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестиваль-байқауы өтеді. Оған Астананың үздік концерт залдарында өнер көрсететін 16-дан 35 жасқа дейінгі жас музыканттар қатысады. Бұл туралы astana.kz сайтына ұйымдастыру комитетінен мәлім етті.
Қазақстанның әр облысы байқаудың:
1. Классикалық вокал (әйелдер мен ерлер);
2. Домбыра;
3. Дирижер әр аталымына 2 қатысушы жібереді.
Фестивальді ұйымдастырушы Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Мәдениет басқармасы.
«Бас жүлде – Астана қаласы әкімінің кубогы мен 1 200 000 теңге ақшалай сыйлық. Сонымен қатар фестивальде мынандай марапаттар мен жүлделер тапсырылады:
- Гран-при – ақшалай сыйлық (800 000 теңге);
- 1-ші сыйлық – 600 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;
- 2-ші сыйлық – 300 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль;
- 3-ші сыйлық – 150 000 теңге және «Фестиваль лауреты» атағы мен атаулы медаль», - делінген хабарламада.
Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» ІІІ музыкалық фестивалі өтеді
Оқи отырыңыз
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?