Жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Болгарияда бақ сынап жатыр

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Болгарияда жалауын көтерген Strandja 2013 халықаралық турнирін сәтті бастады. Бұл жайында Vesti.kz сайты ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. «Кеше, 20 ақпан күні Бақытжан Қожабеков алғашқы жекпе-жегінде белорус Евгений Рамашкевичті 12:8 есебімен тізе бүктірсе, Жан Кособуцкий итальяндық Гвидо Вианеллоны жеңді, есеп – 24:11» делінген хабарламада. Жарыс күнінің екінші жартысында отандасымыз Теміртас Жүсіпов украиналық боксшы Денис Козарукпен кім мықтыны анықтаған. Төрешілер бірауыздан жеңісті Теміртасқа ұстатты, есеп – 18:7. Ал, бүгін Бақытжан Қожабеков өзінің екінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы Ресей үмітін арқалаған Ислам Едисултанов. Сонымен қатар, Айдар Әмірзақов пен Ғани Жайлауовтар да бүгін шаршы алаңға шығады деп күтілуде. Айдар ресейлік Раджаб Бутаевпен, Ғани болгарлық боксшы Любен Тодоровпен бақ сынасады. BAQ.kz
21.02.2013 12:10 2571

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Болгарияда жалауын көтерген Strandja 2013 халықаралық турнирін сәтті бастады. Бұл жайында Vesti.kz сайты ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
«Кеше, 20 ақпан күні Бақытжан Қожабеков алғашқы жекпе-жегінде белорус Евгений Рамашкевичті 12:8 есебімен тізе бүктірсе, Жан Кособуцкий итальяндық Гвидо Вианеллоны жеңді, есеп – 24:11» делінген хабарламада.
Жарыс күнінің екінші жартысында отандасымыз Теміртас Жүсіпов украиналық боксшы Денис Козарукпен кім мықтыны анықтаған. Төрешілер бірауыздан жеңісті Теміртасқа ұстатты, есеп – 18:7. Ал, бүгін Бақытжан Қожабеков өзінің екінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы Ресей үмітін арқалаған Ислам Едисултанов. Сонымен қатар, Айдар Әмірзақов пен Ғани Жайлауовтар да бүгін шаршы алаңға шығады деп күтілуде. Айдар ресейлік Раджаб Бутаевпен, Ғани болгарлық боксшы Любен Тодоровпен бақ сынасады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға