Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне қарасты нысандарды аралады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Облыс әкімі алдымен университеттің бас оқу ғимаратында болып, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залы мен «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты оқу-көрме залдарын аралады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов облыс басшысына университет ғалымдарының «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің комиссиясына ұсынатын ғылыми жобаларын таныстырып өтті. Одан әрі Қырымбек Елеуұлы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған университеттің көптілді білім беру орталығында болып, үш тілде білім алатын мамандықтардың заманауи үлгіде жабдықталған құрылғыларымен танысты. Сонымен қатар әкім «Студенттік тұрғын жай - 2012-2014» бағдарламасы аясында салынып жатқан №5 студенттер жатақханасының құрылысымен танысты.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне қарасты нысандарды аралаған Қырымбек Елеуұлы университет ғалымдарымен бірлесе отырып облыстық ғылыми кеңес құру жөніндегі ұсынысын жеткізді.
Сондай-ақ аймақ басшсы университет жастарына арнап мазмұнды дәріс оқыды. «Келешекке кемел біліммен» деп аталатын дәрісті университеттің 500-ге жуық студенті мен магистранттар тыңдады.
Қ.Көшербаев Қорқыт Ата атындағы университетке қарасты нысандарды аралады
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек