Ащы тамақ ұйқының сапасына кері әсер етеді. Канада ғалымдары кешкі мезгілде Қытай мен Таиландтың дәмі удай тағамдарынан бас тартуға кеңес береді.
NBC News-тің хабарлауынша, ұйқыға жатар алдында ішкен ас ағза температурасын жоғарылатып, метаболизмді жылдамдатады. Соның салдарынан ми белсенділігі артады. Ал ащы тамақ осы үдеріске кері әсерін тигізуі мүмкін. Мидың маңдай бөлігінің және бадамшасының жұмысы бұзылады. Сөйтіп, адамның шынайы өмірді ажырату қабілеті, көңіл күйі мен ұйқысының сапасы да нашарлайды. Дәрігер Чальз Баэ бұл тұжырымды дәлелдеу үшін 389 адамды қатыстырып, сынақ жүргізген. Респонденттердің 8,5%-ы ащы тамақтан соң қорқынышты түс көріп, ұйықтай алмай шығыпты.
Қытай мен тай тағамдары ұйқыны бұзады
Оқи отырыңыз
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?