15-17 мамыр аралығында Астанада «Шәй. Кофе. Шоколад – 2013» атты III қазақстандық халықаралық көрме өтеді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі «Көрме» орталығына сілтеме жасай отырып.
Көрме шеңберінде латте арттан 1-ші қазақстандық Кубок өткізу жоспарланып отыр. Латте арт – эспрессо кремінің үстіне сүтпен сурет салу өнері. Кубок плей-офф жүйесі бойынша өтеді. Кофе бетіне күрделі әрі анық сурет салған қатысушы жеңімпаз атанады.
Латте-арт Кубогымен бірге «Бариста-2013» атты 2-ші қазақстандық чемпионат өтеді. Чемпионат қатысушыларын арнайы сертификаттарға ие Қазақстан, Ресей, Еуропа төрешілері бағалайтын болады. Шарада кофе, шәй, шоколад сұрыптары мен оларды өңдеу мен жасауға арналған құрал-жабдықтар мен машиналар назарға ұсынылады.
Астанада кофе бетіне сурет салудан Кубок өтеді
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек