Плутон ғаламшарының екі табиғи серігіне ғаламтордағы дауыс берудің нәтижесі бойынша ат қойылады. Аспан денелері көне грек-рим мифологиясындағы кейіпкерлер есімімен аталуы керек.
«Росбалт» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әзірше «Р4» және «Р5» аталатын Плутон серіктерін ашқан мамандар оларға атау беруді ғаламтор тұтынушыларының еншісіне қалдырып отыр. Ол үшін Pluto Rocks деп аталатын сайт ашылған. Онда грек-рим аңыздарындағы өлілер мекені – Аид патшалығымен байланысты 12 кейіпкердің аты берілді. Осылардың арасынан көп дауысқа ие болған екі есім аспан денелеріне телінеді. Әзірше Стикс және Цербер атаулары көш бастап келеді. Дауыс беру ақпанның 25-інде аяқталады. Айта кетейік, Күн жүйесіндегі ергежейлі ғаламшарлардың ірілерінің бірі – Плутонның бес табиғи серігі бар. Олардың соңғы екеуі 2011 және 2012 жылдары ашылды.
Аспан денелеріне ғаламтор арқылы атау беріледі
Оқи отырыңыз
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?