Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин биылғы жылы Қазан қаласында өтетін Жазғы Универсиада ойындарына қатысуы мүмкін. Бұл туралы «Аламанның» тілшісіне отандық студенттер спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов хабарлады.
Оның айтуынша «Ильяға ұсыныс жасалынып, қазір ол ойлану үстінде»,- екен. Жақында өз жауабын айтуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік Илья Ильин Универсиада ойындарына қатысуға толық құқылы. Ол қазірде Қазақтың спорт және туризм академиясының докторанты болып табылады. Және екі дүркін Олимпиада чемпионының коллекциясында тек «универсиада чемпионы» деген атақ қана жоқ. «Мықты деген спортшылардың көбінде бұл атақ бар, Ильяғада артық етпес, ол сол олқылықтың орнын толтырады деген үміттемін»,-деді Қайрат Закирьянов.
Илья Ильин студенттердің Жазғы универсиадасына қатысуы мүмкін
Оқи отырыңыз
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек