Жаңалықтар

Букмекерлік кеңселерге бақылау күшейеді. Министр құмар ойындардың жарнамасы туралы айтты

Букмекерлік кеңселерге бақылау күшейеді. Министр құмар ойындардың жарнамасы туралы айтты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.07.2023 16:40 866

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ойын бизнесі мәселелері бойынша аппараттық кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күн тәртібіндегі басты тақырып - лудоманиямен күрес.

Асхат Ораловтың айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр.

Министр бүгінгі таңда қала көшелерінде елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұрғанын атап өтті.

Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Қажет болса, букмекерлер өздерінің жарнамаларын тек демеушілік ететін спорттық іс-шараларда және өз кеңсе ғимараттарына ғана орналастыра алатындай етіп заңнаманы күшейтетін боламыз. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек,- деді Асхат Оралов.

Оқи отырыңыз:

Министр бүгінгі таңда елімізде букмекерлік кеңселердегі жағдай түзеліп келе жатқанын айтты. Соңғы 2,5  жылда олардың саны 38-ден 16-ға дейін азайды. Қазір 4 букмекерлік кеңсенің лицензиясының күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жыл басынан 5 лицензия қайтарып алынды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға