Жаңалықтар

ҰБТ-да сүрінген түлектер кешенді тест тапсыра алады

Түлектерге арналған ақпарат
13.05.2016 09:55 11303

Осы жылдың білім және ғылым саласындағы басты жаңалығы – ҰБТ нәтижесіне байланысты, яғни төменгі шектік деңгейден өте алмаған түлектерге кешенді тест тапсыру мүмкіндігінің берілуі.

ҰБТ-да сүрінген түлектер кешенді тест тапсыра алады    

Қайта тестілеу ЖОО түсу үшін тағы бір мүмкіндік береді, бұл ретте оның нәтижелері аттестаттың бағаларына әсер етпейді", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қ. Әбдиев.

2016 жылғы өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 1-15 маусым аралығында өткен жылдардағы формат бойынша өткізіледі.

ҰБТ өткізу қағидаларына сәйкес 26 сәуір 2016 жылы тестілеу өткізу пункттерінде өтініштер қабылдау мерзімі аяқталды.

Ұлттық тестілеу орталығы берген мәліметке сүйенсек биылғы мектеп бітірушілердің жалпы саны -121092, қабылдау аяқталғаннан кейінгі деректер бойынша өтініш бергендердің саны 86992 (72%), ол былтырғы жылмен салыстырғанда 2% -ға артық.

 

Бұл жалпы республика бойынша көрсетілген сандар болса, тек Астана қаласы бойынша ҰБТ тапсыруға ниетті оқушылардан келіп түскен өтінімдерді қабылдау нәтижесі бойынша 4106 оқушы жылдың басты емтиханын тапсырмақ.

ҰБТ-да сүрінген түлектер кешенді тест тапсыра алады

Қазіргі уақытта ҰТО-да ҰБТ-ға материалдарды дайындау жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгін сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында 2016 жылы 31 700 білім гранты бөлінетіні белгілі болды. Грант санын ҚР БҒМ ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаев мәлім етті.

«Биыл еш өзгеріс жоқ, мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгеймен бірдей, яғни жалпы гранттардың саны 31 700. Қазіргі уақытта мамандықтар бойынша гранттар үлестірілген жоқ. Себебі ол Үкімет Қаулысымен бекітіледі. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс көлеміне қатысты Қаулы жобасы қарауда жатыр. Гранттарды мамандықтарға үлестіру жағы белгілі болғанда, бірден жариялайтын боламыз», — дейді ол.

Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 мың 092 бала, оның ішінде 83 330  қазақ тілінде оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады, маусым айының 2-і мен 15-нің арасында өтеді.

ҰБТ 2004 жылдан бері Ұлттық тестілеу орталығымен тестілеу өткізу пунктерінде өткізілуде.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға