Жаңалықтар

Боксшы Данияр Елеусінов жаңа министрге өтініш айтты

Боксшы Данияр Елеусінов жаңа министрге өтініш айтты
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar 04.09.2023 10:30 566

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жаңадан құрылған Туризм және спорт министрлігінің басшысы Ермек Маржықпаевтан Олимпиада чемпионы, Мәжілістің экс-депутаты Серік Сәпиевті қызметке алуды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жеке Туризм және спорт министрлігі құрылғаны туралы жақсы жаңалық естідім. Жаңа министрлікті бұрынғы спортшы Ермек Маржықпаев басқарды, бұл екі есе жағымды жаңалық. Ермек Маржықпаев, тағайындалуыңызбен құттықтаймын! Бізге спорттың барлық мәселелерін іштей білетін және мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар спорт адамдары қажет. Онда өз ісінің маманы Серік Сапиевті көру жақсы болар еді. Секе, оралыңыз және біздің спортты олимпиада биіктеріне көтеріңіз, - деп жазды Данияр Елеусінов Іnstagram-парақшасында.

Айта кетейік, Ақмола облысының әкімі болған Ермек Маржықбаев туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға