Ақмола облысының әкімі болған Ермек Маржықбаев туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
02.09.2023 15:52
1218
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, жаңа тағайындауға орай Мәжіліс Туризм және спорт министрі лауазымына Ермек Маржықпаевтың кандидатурасымен келісім берді.
Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына Маржықпаев Ермек Боранбайұлының кандидатурасы келісілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға