Жаңалықтар

Бишімбаев ісі: Салтанаттың саусақ іздері қайтыс болған бөлмеден табылған жоқ

Бишімбаев ісі: Салтанаттың саусақ іздері қайтыс болған бөлмеден табылған жоқ
Фото: instagram.com/aitym 17.04.2024 14:43 2862

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста Бишімбаевтың адвокаты мейрамханадағы оқиға болған бөлменің зерттеу сипаттамаларын оқыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу кезінде жәбірленуші тараптың өкілі Игорь Вранчев Бишімбаевтан Салтанат болған VIP-1-де оның саусақ іздері неге табылмағанын сұрады. Сондай-ақ, «VIP-1-де оның саусақ іздерін және басқа да іздерді нашатырьмен өшірген жоқсыздар ма?» деп нақтылады.

Бишімбаев бұл сауалға нашатырьды қалай қолдануды білмегенін алға тартып, Байжанов көрсеткенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Бишімбаевтың бала қағып кету оқиғасы расталмағанын хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға