Жаңалықтар

Бишімбаевтың бала қағып кеткені рас па? ІІМ жауап берді

Бишімбаевтың бала қағып кеткені рас па? ІІМ жауап берді
Фото: видеодан алынған кадр 17.04.2024 13:51 408

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың көлікпен бала қағып кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында Игорь Лепеха Бишімбаевтың бала қағып кеткені расталмағанын айтты.

Біз марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарымен сөйлестік. Нақтырақ айтқанда, ағасымен сөйлестік. Бұл ақпараттың қайдан шыққанын тексердік. Бірақ ол жерде басқа іс туралы әңгіме болған. Әзірге ол ақпарат расталмады, - деді Лепеха.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында жәбірленуші тараптың анасы бұрын оның жол апатына түсіп, бала қағып кеткенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға