Жаңалықтар

Билет бағасы 1,2 млн теңге: Air Astana мәлімдеме жасады

Билет бағасы 1,2 млн теңге: Air Astana мәлімдеме жасады
Фото: t.me/airastana 08.04.2024 14:33 1945

Air Astana скриншоттардағы әуе рейстерінің билеттері туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Атыраудан Алматыға әуе билеттерінің бағасы 1,2 млн теңгеге жеткені туралы скрин тараған. Air Astana әуекомпаниясы осы мәселеге қатысты пікір білдіріп, скриншоттардағы ақпарат қате деп отыр.

Аталған суреттерде Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе Ақтауға ұшатын әуебилеттерінің құны көрсетілген, алайда ол жерде Ыстамбұл арқылы ұшатын бір немесе екі трансфері бар рейстер көрсетілген, ал сегменттердің бірінде бизнес-класс билеттері ұсынылған. Осылайша, мұндай скриншоттар жұртты жаңылыстыруда.

Ең жақсы бағаға кепілдік беру үшін жолаушылардан әуекомпанияның ресми сайтында немесе Air Astana қосымшасында эконом-класта тікелей рейстерді таңдауды сұраймыз, - делінген мәліметте.

Билет бағасы 1,2 млн теңге: Air Astana мәлімдеме жасады

Air Astana мәліметінше, әуе компаниясы ішкі бағыттардағы әуе билеттерінің құнын өсірмеген.

Мұның алдында Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша рейс ашылғанын мәлімдегенбіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға