Жаңалықтар

9 сәуірде Атыраудан Алматыға қосымша әуе рейсі қатынайды

9 сәуірде Атыраудан Алматыға қосымша әуе рейсі қатынайды
Фото: t.me/airastana 08.04.2024 11:41 562

Air Astana 9 сәуірде Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша әуе рейсі қатынайтынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тасымалдаушы Airbus A321 ұшағымен Алматыдан Атырауға және кері бағытта KC 8770 және KC 8780 рейстерін орындайды. Алматыдан Атырауға рейс 17:00-де, ал кері бағытта 21:15-те орындалады.

Әуекомпанияның басшылығы мұндай шешімді Атырау облысындағы су тасқынына байланысты қабылдап отыр. Себебі бұған дейін әлеуметтік желіде әуе билеттерінің бағасы 135 мыңнан басталып, 600 мыңнан асып кеткені туралы ақпарат тараған.

9 сәуірде Атыраудан Алматыға қосымша әуе рейсі қатынайды

Авиабилеттерді әуекомпанияның сайтынан, Air Astana қосымшасынан немесе Бронmдау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.

Air Astana баспасөз қызметі зардап шеккен өңірге гуманитарлық көмекті тегін жеткізу туралы мәселе қарастырылып жатқанын алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға