Жаңалықтар

«Бешикташ» қазақстандық футболшыны қатарына қосқысы келген - тілші

«Бешикташ» қазақстандық футболшыны қатарына қосқысы келген - тілші
Фото: instagram.com/bateka_11 19.07.2023 16:12 786

Ресейлік тілші Андрей Панков Қазақстан құрамасы мен  ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің түріктің «Бешикташ» клубына ауысу туралы жайттың мән-жайын түсіндірді,

Оқи отырыңыз:

«Бешикташ» Бахтиер Зайнутдиновтің ауысқанын қатты қалады. 3+3 ұсынған, сонан соң одан да жақсы ұсыныс айтты, бірақ ол жерде де транш көп болды, ал бұл ЦСКА-ның көңілінен шыққан жоқ. ЦСКА-ның бас тартуы да сондықтан. ЦСКА Бахтиер Зайнутдинов үшін бірден 6 млн еуро алғысы келді. «Бешикташ» ондай қаражат ұсынған жоқ. Сол себепті Зайнутдинов ешқайда кеткен жоқ. Меніңше, ЦСКА-ның бас бапкері Владимир Федотов Баханың кеткенін қалап тұрған жоқ. Ол басты ойыншы да немесе кемінде ротация үшін сәтті футболшы да атануы мүмкін. Менің болжамым бойынша, ол ешқайда кетпейді. «Бешикташ» жақында бұл келісімнен шығады, – деді Панков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға