Жаңалықтар

ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновті қаншаға сататынын мәлімдеді

ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновті қаншаға сататынын мәлімдеді
Фото: instagram.com/pfc_cska 05.07.2023 18:06 848

ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновті 5 млн еуроға бағалап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Түркияның «Бешикташ» клубы қазақстандық футболшыға қызығушылық танытып отырғаны жарияланған. Енді Мәскеу клубы Зайнутдиновті 5 млн еуроға сатуға дайын.

Fotomaç мәліметінше, Түркияның 16 дүркін чемпионының қазақстандық үш футболшыға көзі түскен: жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Мәскеу), Арман Кеңесов («Ақтөбе») пен Эльхан Астанов («Астана»).

Түркия басылымы бұл тізімде Зайнутдинов көш бастап тұрғанын жазды. Өйткені Түркияда алдағы маусымда қазақстандықтар легионер саналмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға