Жаңалықтар

Белгілі тележурналист Серік Әбікенұлы жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі тележурналист Серік Әбікенұлы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Facebook / Кемельбек Ойшыбаев 27.11.2023 14:15 994

Белгілі тележурналист, білікті медиа-менеджер Серік Әбікенұлы Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Серік Әбікенұлы тілшіліктен бастап, арна басшылығына дейін көтерілген және телевизияның барлық сатысынан өткен.

Тәжірибесі мол, көргені мен түйгені көп, медиа саласының майталманы жаңа қызметінде де еліміздің ақпарат саласын дамытуға күш салады. Сонымен қатар, әріптесіміз бізге қосылып, «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарында шығатын ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды, жаңалықтар мен қоғамдық-саяси ток-шоуларды заман талабына сай сапалы жаңа деңгейге көтеру бағытында бірігіп жұмыс істейміз. Отандық тележурналистикада өзіндік орны мен қолтаңбасы бар, бүгінгі таңда түрлі салада жарқырай көрініп жүрген талай шәкіртті тәрбиелеп, баптаған Серік Әбікенұлының қатарымызға қосылып жатқанына қуаныштымыз, - деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.

Айта кетейік, Серік Әбікенұлы «Жетісу» телеарнасы директоры, «Парасат» журналының бас редакторы, «Алматы» телеарнасы директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Оқи отырыңыз:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға