Жаңалықтар

Баян Алагөзова мектепте хиджаб киюге қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова мектепте хиджаб киюге қатысты пікір білдірді
Фото: bayanmaxatkyzy/Instagram 12.09.2023 15:50 1801

Танымал продюсер Баян Алагөзова мектепте хиджаб киюге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Кейінгі кезде қоғамда оқу орындарында хиджаб кию мәселесі кең талқылана бастады. Бұл әрбір ересек әрі кәмелетке толған адамның таңдауы екеніне сенімдімін, ал бала отбасының діни ұстанымын өзі әлі түсінбейтін кезде қабылдайды. Иранның әйелдері өз құқығы мен бостандығы үшін қалай күресіп жатқанын қараңыздар. Біз зайырлы мемлекетпіз! Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызымен толық келісемін, - дейді ол.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты туындаған мәселеге өз мәлімдемесін жариялаған болатын.

Одан кейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көпшілік арасында талқыланып жатқан мектептерде хиджаб киюге тыйым салу туралы мәселеге қатысты пікірін білдірді.

Мүфтият тиісті мекемеге  орамалдың ақ және көк түсін ұсынғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға