Жаңалықтар

Бас прокурор балаға қол көтерген тәрбиешілерге қатысты пікір білдірді

Бас прокурор балаға қол көтерген тәрбиешілерге қатысты пікір білдірді
Фото: pixabay.com 19.01.2023 20:04 728

Еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов елорда балабақшаларының бірінде орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол «елорданың инклюзивті балабақшасында болған өрескел жағдай қайталанбауы керек» деп атап өтті.

«Балаларды қорлауға жол бермеу керек. Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды», деді Берік Асылов.

Бас прокурордың айтуынша, кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Бұған дейін Астана балабақшаларының бірінде тәрбиешілер ерекше қажеттіліктері бар балаға қол көтергенін хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға