Жаңалықтар

Астанада тәрбиешілердің ерекше балаларды соққыға жыққаны анықталды

Астана қалалық Полиция департаменті істі тергеуді бастады
Астанада тәрбиешілердің ерекше балаларды соққыға жыққаны анықталды
Фото: turkystan.kz 19.01.2023 13:33 899

Астанадағы «Балам-ай» инклюзивті балабақшасының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері денсаулығында кінәраты бар балаларды қорлап, ұрып-соққан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қорлық көрген балалардың аналары жантүршігерлік видеоларды көріп, полицияға арыз жазған және жағдайды барынша қоғам назарын аударту үшін жанайқайларын әлеуметтік желіге жазған.

«Балам балабақшадан келген соң шөлдеп, жылап келетін. Сосын балабақшаға келіп, камера жазбаларын көрген кезде, талып қала жаздадым. Арбаға таңылған баламды қарамағандары былай тұрсын, оны мазақ еткен», – дейді сал ауруына шалдыққан баланың анасы.

Осы жағдайды білген ата-аналар балабақша үстінен және балаларына қорлық көрсеткен әрбір тәрбиешінің үстінен арызданған.

«2023 жылдың 17 қаңтары күні «102» пультіне «Балам-ай» балабақшасында баланы ұрып-соғу фактісі анықталғаны туралы қоңырау түсті. Факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу мәселесі бақылауға алынды», – деп хабарлайды Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға