Жаңалықтар

Балқашта қыз бала 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған

Балқашта қыз бала 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған
Фото: polisia.kz 25.09.2023 11:48 709

Балқаш полицейлері 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған қызды құтқарып қалды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі.

23 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз бір қыз бала көпқабатты үйдің 5-қабатынан секірмек болып тұр деген хабарлама түскен.

Оқи отырыңыз:

Мен әріптесім Танат Берікұлымен ақпарат алған уақытта өзімізге бекітілген аумақта қызметте болғанбыз. Оқиға орнына келгенімізде ақпараттың рас екеніне көз жетті. 5-қабатта қыз бала айқайлап отырды. Бізге жедел шешім қабылдап, әрекет жасау керек болды. Танат екеуміз үйдің дәлізі арқылы шатырға көтерілдік. Қыз бала бізді көрген жоқ. Артынан ақырын барып, оны шатырдың жиегінен алып кеттік. Осыдан кейін ол азаматшаны оқиға орнына келген жедел-тергеу тобына беріп, жұмыс атқаруға кеттік, – деді Балқаш қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Ұлан Несіпбаев. 

Полицейлер құтқарып қалған қыз балаға дәрігерлер психологиялық көмек көрсетті. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында оның жеке басының мәселесі бойынша осындай әрекетке барғаны анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға