Жаңалықтар

Кентауда мұғалімдердің екі ай бойы жалақысын бермеген

Кентауда мұғалімдердің екі ай бойы жалақысын бермеген
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.09.2023 10:32 713

Кентауда мұғалімдер екі ай бойы жалақысыз жұмыс істеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мұғалімдердің не себепті жалақысыз жұмыс істегені айтылмаған. Тек жақында ғана кінәрат облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасынан болғаны анықталды.

Педагогтар Түркістан облысындағы барлық мұғалім осындай проблемаға тап болғанын айтады. Ұстаздар қауымы білім министрлігіне, прокуратураға және облысқа жүгінген, бірақ одан нәтиже болмаған. Күні кеше облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы өз атауын білім департаментіне ауыстырып жатқаны белгілі болды. Осыған байланысты көптеген құжат пен мөрлерді өзгертуге тура келген. Осыдан кейін ғана қазынашылық мұғалімдердің шоттарына ақша аудару үшін код бере алды екен.

Кеше бізге жалақы төлеуге рұқсат беретін код келді. Біздің қарамағымызда 23 мектеп бар, ауыл мектептері жалақы алып үлгерді, өйткені олардың бухгалтериясы орталықтандырылған. Жан басына қаржыландыру бойынша жұмыс істейтін мектептер сәл кейінірек алады, - деді Кентау қаласының білім бөлімінің әдіскері Ғазиза Қалымбетова.

Өңірлік телеарна Кентау мұғалімдеріне күні кеше жалақы төленгенін нақтылайды. Облыстың басқа аймақтарында жағдайдың қалай екені белгісіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға