Жаңалықтар

Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасына үндеу жасады

Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасына үндеу жасады
Фото: instagram.com/ericbailly24 14.11.2023 09:10 903

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Instagram парақшасында қазақстандық жанкүйерлер мен ұлттық құрама ойыншыларына үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасында Зайнутдинов түрік тілінде:

Қолдауларыңыз үшін көп рахмет! - деп жазды.

Сонымен қатар қазақстандықтарға алғысын жеткізіп, ұлттық құрамаға сәттілік тіледі:

Баршаңызға жылы лебіздеріңіз үшін шексіз алғысымды айтамын! Жігіттерге ұлттық құраманың маңызды матчтарында тек сәттілік тілеймін! Алға!

Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасына үндеу жасады

Айта кетейік, 12 қарашада Түркия Суперлигасының аясында Ыстамбұлдың «Башакшехир» клубына қарсы ойында қазақстандық ойыншы қарсыласымен соқтығысып, мұрын сүйегі мен көзін жарақаттап алған болатын. Оған операция да жасалды

Осылайша, Бахтиер Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино және Словениямен болатын шешуші ойындарда ұлттық құрамамен алаңға шыға алмайтын болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға