Жаңалықтар

Бактиер Зайнутдиновке операция жасалды

Бактиер Зайнутдиновке операция жасалды
Фото: instagram.com/besiktas 13.11.2023 09:18 867

«Бешикташ» Түркия чемпионатында «Истанбул Башакшехирге» (1:0) қарсы матчта жарақат алған қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновтің денсаулық жағдайы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің футболшы Бактиер Зайнутдинов матчтың 37-минутында беті мен мұрнына тиген соққы салдарынан ойынды жалғастыра алмады, оның мұрын сүйегі мен көз ұясының негізі сынған. Зайнутдиновтің мұрнына операция жасалып, шиналар қойылды, - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Енді Бактиер Зайнутдиновтің алаңға қашан оралатыны белгісіз. Ол Қазақстан құрамасына Сан-Марино мен Словения командаларына қарсы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің шешуші матчтарында көмектесе алмауы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға