Жаңалықтар

"Әзілді жақсы көреді". Танымал актер Назарбаев әулетінің тойлары қалай өтетінін айтты

"Әзілді жақсы көреді". Танымал актер Назарбаев әулетінің тойлары қалай өтетінін айтты
Фото: Видеодан кадр 30.11.2023 11:18 10022

Танымал актер Дастан Қалдыбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің тойларында бірнеше рет өнер көрсеткен. Әзілкеш жаңа жыл сайын экс-президенттің туыстары бір шаңыраққа жиналатынын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дастан Қалдыбаев өнер көрсетпес бұрын айтатын әзілдерін президент әкімшілігі қатаң тексеріктен өткізгенін де жасырмады.

Біз әр ойын сайын Ресей және Қазақстан президентінің кездесуі туралы міндетті түрде көрсететінбіз. Одан кейін ол кісінің отбасылық іс-шараларында да шақырту алдық. Жыл сайын жаңа жылды баяғыда Алматыда әулетімен қарсы алатын. Біз міндетті түрде сол жердеміз. Одан бөлек, той-томалақ, туған күн, балаларының үйлену тойлары сияқты іс-шараның бәрінде болдық. Әзілдерді жақсы қабылдайды. Бірақ әзілдерімізді редакциялағанда өзгерістер енгізгенін жасырмаймын. Президент апаратынан әзілдеріміз өзгертіліп келетін. Себебін түсіндірмейтін, – дейді актер TALK LIKE бағдарламасына берген сұхбатында.

Актер Назарбаевтың жүргізген саясатын мойындайтынын және халықтың жағдайын көтергенін айтты.

Істеген еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Себебі алғаш егемендік алғаннан кейін Қазақстаннң экономикасын 15 одақтас республикалардың ішінен құлдырап тұрған жерінен бірінші орынға дейін көтерді ғой. Халықтың жағдайы көтерілді. Оның бәрі еңбек. Жарайды, бір нәрсесі дұрыс болмай қалыпты, сол үшін мынаның бәрін өшіріп тастауға болмайды деп ойлаймын. Оның жіберген қателіктері жоқ емес, бар. Өте керемет болды десем өтірік болады. Жақсылығы да бар, жіберген қателігі де бар, – деп сөзін аяқтады әнші.

Бұған дейін айтыскер ақын Балғынбек Имаш Болат Назарбаевтан алған сыйақысы  туралы айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға