Жаңалықтар

Азиада: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді

Азиада: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді
Фото: Туризм және спорт министрлігі 01.10.2023 20:46 889

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында су добынан қазақстандық қыздар құрамасы қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Туризм және спорт министрлігінің ақпаратына сәйкес, су добынан Қазақстан командасы көрші Өзбекстанды 16:8 есебімен жеңген.

2010 жылдан бері су добынан Азия ойындарына қатысып келе жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы алдымен — күміс, 2014 жылы — қола, 2018 жылы — күміс медаль алған болатын.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар Оңтүстік Кореяны 24:4, Сингапурды 12:6, Таиландты 13:8 есебімен тізе бүктіріп, Қытайға 8:17, Жапонияға 14:23 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ  Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы ұтып алды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға