Жаңалықтар

Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы ұтты

Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы ұтты
Фото: Туризм және спорт министрлігі 01.10.2023 19:07 506

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Карина Ибрагимова Олимпиада ойындарына бокстан алғашқы жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Карина Ибрагимова Азия ойындарының 1/4 кезеңінде моңғол спортшысы Намуун Монхорды 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті. Сондай-ақ ол бокстан Парижге алғашқы жолдаманы жеңіп алды.

27 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, 57 келі салмақ санатында өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға