Жаңалықтар

Айына 85 мың теңгеге өмір сүру қаншалықты мүмкін? Қаржы министрі пікір білдірді

Айына 85 мың теңгеге өмір сүру қаншалықты мүмкін? Қаржы министрі пікір білдірді
Фото: t.me/KZgovernment 22.08.2023 12:32 1435

Бұл сұраққа қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бізде әлеуметтік шығындар бюджеттің 40 пайыздан астамын құрайды. Жалпы, республикалық бюджетті алатын болсақ, 95 пайызы тікелей шығындар, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы. Сондықтан мен қаржы министрі ретінде бюджет қызметкерлерінің жалақысы мен жәрдемақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруға дайынмын. Бірақ шындық мынада, оны қазір көтере алмаймыз немесе Ұлттық қорға жүгіну керек болады. Бұл да келешек ұрпаққа құрал, - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, соңғы бірнеше жылда бюджеттен қаржы алатын миллионнан астам адамның жалақысы, зейнетақысы, жәрдемақысы және шәкіртақысы кезең-кезеңімен көтерілді.

Премьер-министр инфляция деңгейінің биыл екі есе төмендегенін, бұл қазірдің өзінде үлкен жетістік екенін мәлімдеді. Өйткені нақты табыстың өсуі алдағы уақытта да жалғасады, - деді қаржы министрі.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айына 85 мың теңгеге өмір сүруге болатыны туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға