Жаңалықтар

Аяғы ауыр Жанар Дұғалова тыңдармандарын таңғалдырды

Аяғы ауыр Жанар Дұғалова тыңдармандарын таңғалдырды
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova 31.08.2023 10:15 4039

Алматыда өткен концертте әнші, аяғы ауыр Жанар Дұғалованың өнер көрсеткені елдің қызу талқысына түсті. Әнші босанатын уақыты жақын болғанына қарамастан, сахнаның сәнін келтіріп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

TikTok желісінде видеоны көрген желі қолданушылары әншінің аяғы ауыр болса да, жанын салып өнер көрсетіп жатқанына таңданыстарын жасыра алмаған.

"Әнді айтсаң, жаныңды жеп айт" деген осы кісіге арналған сияқты. Энергиясын, харизмасын экранның ар жағынан отырып сезінесің ғой", "Энергиясын жоғалтпапты, 38 апта болған біз әрең жүрміз", "Мықты қыз, жасандылығы жоқ. Аман-есен босанып ал, Жанар", - деп жазуда көпшілік. 

Жанар Дұғалованың көпшілікке белгілі "Ізін көрем" әні орындалуы қиын әрі ауыр әндердің бірі. Соған қарамастан айы-күні жақындаған әнші өз деңгейінде орындап, жұртты тәнті етті. 

Көктемде тұрмысқа шыққан әншінің бұған дейін де концерттерде ән айтып жүргенін жазған едік.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға