Жаңалықтар

Аяғы ауыр Жанар Дұғалова желіні шулатты

Аяғы ауыр Жанар Дұғалова желіні шулатты
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova 21.07.2023 18:31 11579

Белгілі әнші Жанар Дұғалова аяғы ауыр болса да концерттердің бірінде "Ізін көрем" әнін орындап, желідегі тыңдармандарын сүйсінтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жанар Дұғалованың көпшілікке белгілі "Ізін көрем" әні орындалуы қиын әрі ауыр әндердің бірі. Соған қарамастан айы-күні жақындаған әнші өз деңгейінде орындап, жұртты тәнті етті. 

Әншінің тыңдармандары оған одан сайын құрметі асқанын жазса, бұл қылығын өміріне қауіп төндіретінін айтып жазғандар да жетерлік.

"Жанар, жарайсың!", "Жанардың деңгейі қандай екенін осыдан-ақ білуге болады", "Босанғанда да осы әнді айтып босанып ал", "Қыз туады екен", "Көз тимесін", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, әнші наурыз айында тұрмысқа шыққан болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚАЗАҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ😍 (@qaz.stars.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға