Жаңалықтар

Атырауда полиция журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады

Атырауда полиция журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 14.05.2023 22:00 914

Атырау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда.

Естеріңізде болса, Атырауда журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Мен көлікті үйдің бұрышына қалдырып кеткен болатынмын. Сағат 00:00-де сыртқа шыққанда тыныш еді. Көршінің бейнебақылау камерасынан күдікті адамның сағат 02:24-те келгенін көруге болады. Ол көліктің капотын ашып, бірдеңе істеп жатты. Біраз уақыттан соң жарылыс болды. Күдіктінің өзі зардап шегуі мүмкін. Одан басқа ешкімге зақым келген жоқ. Жақын жерде көршілердің көліктері тұрған болатын. Алайда оларды алып үлгерді, - деді журналист.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға