Жаңалықтар

Астанада іздеуде жүрген 14 қылмыскер екі күнде ұсталды

Астанада іздеуде жүрген 14 қылмыскер екі күнде ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 04.02.2024 08:45 595

Астанада екі күн ішінде іздеуде жүрген 14 қылмыскер ұсталды. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық прокуратураның үйлестіруімен елордада құқықтық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаменті «Іздестіру» рейдтік іс-шарасын өткізді.

29-30 қаңтар аралығында іс-шара барысында іздеуде жүрген 14 қылмыскер анықталып ұсталды. Оның ішінде өткен жылдарғы – 7, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалғандардың 2 табылды.  

Айта кетейік, тәртіп сақшылары іздеуде жүргенердерді елорда базарларында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, жалдамалы пәтерлерде және басқа жерлерде құрықтаған.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға