Жаңалықтар

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт 2 айға қамауға алынды

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт 2 айға қамауға алынды
Фото: Видеодан кадр 03.02.2024 20:20 578

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісін ұрған жігіт 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, Қарағандыда 27 қаңтар күні сағат 00.20 шамасында жас жігіт жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деген күдікке ілінді. Оның үстінен бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Алайда ол тергеу барысында бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын.

Кейінірек жас жігіттің халықтан кешірім сұраған видеосы желіде тарады. Ал 1 ақпанда Бас прокуратура ер адам ұсталғанын мәлімдеді. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға