Жаңалықтар

Астанада белбеу күресінен әлем чемпионаты өтеді

Астанада белбеу күресінен әлем чемпионаты өтеді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 10.07.2023 21:12 1054

15-16 шілде күндері Астана қаласындағы «Beeline Arena» спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік додаға 30 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы қатысады. Ерлер 16, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Ерлер арасындағы медаль жиынтығы еркін және классикалық стильде сарапқа салынса, әйелдер тек еркін тәсіл бойынша күреседі.

Жарыс қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем кубогында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.

Оқи отырыңыз:

Әлем чемпионатының бас төрешісі – Еркін Жетімеков (Қазақстан). Бас хатшы – Александр Шараев (Беларусь).

Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыс елімізде төртінші рет өткізіліп отыр. Осыған дейін Астана 2007, 2012, 2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында әлем чемпионатын қабылдаған болатын.

Жарыстың өтетін жері: Астана қ, «Beeline Arena» спорт кешені, Тұран 4/2. Ашылу салтанаты 15 шілде күні сағат 14:00-де өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға