Жаңалықтар

Астанада аула сыпырушыға күш көрсеткен ер адам қамауға алынды

Астанада аула сыпырушыға күш көрсеткен ер адам қамауға алынды
Фото: Видеодан кадр 29.02.2024 10:42 502

Елорда тұрғынын полицейлер бірден қолға түсірген. Алайда, жәбір көрген ер адамның да жұмыс уақытында ішімдікке сылқия тойып алғаны анықталды. Оқиғаға қатысы бар екі ер адам да жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бүгін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Жұмыс орнында мас күйінде болған аула сыпырушы да жауапқа тартылды. Аула сыпырушысы ер адамның әйелін балағаттаған. Артынша жанжал туындаған, – дейді Астана ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы Эльмира Шауленова.

Айта кетейік, оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.  Жазба авторы бұл Астанадағы Әзірбаев көшесінде болғанын айтады. Ондағы кадрлардан жол жиегіне тоқтаған көлік жүргізушісі болуы мүмкін ер адамның жұмысшыға ескерту жасап жатқанын байқауға болады. Одан жұмысшы жылдам қашып құтылғысы келгенмен, ер адам бәрібір қуып жетіп, жұлқылап, тізерлетіп отырғызады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға