Жаңалықтар

Астанада ер адам жол тазалаушы кісіге шабуыл жасады

Астанада ер адам жол тазалаушы кісіге шабуыл жасады
Фото: Видеодан кадр 28.02.2024 09:30 999

Елордада жол тазалап жүрген кісіге шабуыл жасалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.  Жазба авторы бұл Астанадағы Әзірбаев көшесінде болғанын айтады. Ондағы кадрлардан жол жиегіне тоқтаған көлік жүргізушісі болуы мүмкін ер адамның жұмысшыға ескерту жасап жатқанын байқауға болады. Одан жұмысшы жылдам қашып құтылғысы келгенмен, ер адам бәрібір қуып жетіп, жұлқылап, тізерлетіп отырғызады.

Астана полициясы әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында жүргізуші мен жұмысшы арасындағы жанжалдың видеосы анықталғанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері төбелескендерді тапты. Осы факті бойынша жұмысшыдан шара қолданбағаны туралы арыз түсті. Профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға