Жаңалықтар

Астанада ауа райына байланысты бірнеше бағыттағы қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды

Астанада ауа райына байланысты бірнеше бағыттағы қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды
Фото: instagram.com/cts_kz 13.03.2024 20:05 352

Астанада қала маңына қатынайтын бірнеше бағыттағы қоғамдық автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС ресми парақшасында ақпарат берілді.

Қала маңына қатынайтын № 315, 316, 327 бағыттағы автобустардың қозғалысы ауа райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағыттағы автобустар линияда, - делінген мәліметте.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға