Жаңалықтар

Семейде қатты жел салдарынан көпір қоршауы опырылып түсті

Семейде қатты жел салдарынан көпір қоршауы опырылып түсті
Фото: instagram.com/semey24 12.03.2024 22:25 375

Семейде Ертіс өзені арқылы өтетін автогуж көпіріндің (ескі көпір) 15 метр аралықтағы қоршауы кұлап кетті. Апатқа қатты жел себеп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігіндегілер ауа райы қолайсыздығынан туындаған апат салдарынан «Қазақтелеком» АҚ-ның оптикалық байланыс желілері зақымданғанын мәлімдеді. Соның салдарынан Семей қаласының сол жағалауында интернетке қолжетімділік болмады. Дегенмен көпір қоршауының құлауы көлік қозғалысына шектеу болмағанын мәлімдеді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Абай облыстық Полиция департаментіндегілер автогуж көпіріндегі қоршауды қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты жаяу жүргіншілердің қозғалысы уақытша шектелгенін хабарлады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға