Жаңалықтар

Астанада 5 жасар баланы өлімнен құтқарып қалған оқушыға 1 млн теңге берілді

Астанада 5 жасар баланы өлімнен құтқарып қалған оқушыға 1 млн теңге берілді
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek 22.05.2024 21:10 460

Астанада 4-қабаттың балкон қоршауына ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалған оқушы Ақан Әкімжановқа 1 млн теңге берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 №31 мектеп-гимназиясының 7 "Д" сынып оқушысына қаржылай сыйлықтан бөлек планшет табысталды. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек желі парақшасында жазды. 

Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен кездестім. Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды. Оның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін. Ақан  оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде,-деп жазды қала басшысы.

Айта кетейік, әкімдік бүлдіршінді аман алып қалған оқушы болашақта колледжге немесе университетке түсер кезде көмек беретін болды. 

Біз бұған дейін Астанада 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлік жасап, 5 жасар баланы өлімнен құтқарып қалғаны туралы жаздық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға